418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирусқа қарсы екпе салынады

  • 200
  • UPD: 10:34, 29.05.2020

Германияда коронавирусқа қарсы ремдесивир қолдануға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дәріні Эбола ауруымен күресу үшін шығарған болатын. АҚШ-та «КОВИД-19» дертіне шалдыққан адамдарды осы препаратпен емдеп жатыр. Зерттеу нәтижелері бұл дәрі науқастардың жазылуын тездеткенін көрсетті. Германияда ремдесивирді коронавирусқа қарсы қолдануға әзірге рұқсат жоқ. Дегенмен неміс дәрігерлері де оның тиімділігін тексеруді шешіп, алғашқы өткізген сынақтары оң нәтиже берді. Алайда жергілікті мамандардың пікірінше, оны толық жарамды дәрі деп атауға болмайды, тек дертке қарсы қосымша құрал ретінде пайдалану керек. Ауруды жеңу үшін вакцина қажет. Оны шығаруға Германия бір миллиард еуро инвестиция құйып отыр. Алайда болжам бойынша вакцина келер жылдың жазына дейін дайын болмақ. Саясаткерлер коронавирусқа қарсы екпе жасау тегін болуы керек дейді.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Бұл пандемияның тек басы ғана, өйткені оған қарсы вакцина әлі табылған жоқ. Дегенмен індетті бақылауға алдық. Сондықтан Германия тұрғындарына алғыс айтқым келеді. Қазіргі нәтижеге жетуімізге елдегі әрбір азамат өз үлесін қосты.

Наурыз айында Германияда жаңа заң қабылданып, балаларды және мектептер мен балабақша қызметкерлеріне қызылша секілді ауруларға қарсы  екпе жасау міндеттелді. Бұдан бас тартқан ата-аналарға екі жарым мың еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Осыған байланысты коронавирусқа қарсы вакцина міндетті екпелер тізіміне кіре ме деген сауал туындады. Үкімет оны бұл қатарға қоспауды шешті. 

 

Хабар 24 телеарнасы