423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ бас хатшысы жауынгерлерге алғыс білдірді

  • 254
  • UPD: 15:45, 29.05.2020

Қазақстан бітімгерлері өз мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарбаздарымыз 2018 жылдың қазан айында БҰҰ бітімгершілік әскерінің қатарына қосылып, Ливанда қызмет етіп келеді. Жоғары кәсіби біліктілігімен көзге түсіп, БҰҰ-ының бейбітшілік қызметінде медальдарымен марапатталды. Бас хатшы Антониу Гутерриш ұйымның жұмысына қосқан үлесі үшін барлық жауынгерге алғыс білдірді. Биылғы мереке «Бітімгер әйелдер – бейбітшілік кепілі» тақырыбына арналды. БҰҰ штаб-пәтерінде қызметі кезінде қаза болған барлық бітімгердің құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.  

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Біз БҰҰ бітімгершілік әскерінде қызмет еткен бір миллионнан аса адамға және осы борышын орындау кезінде қаза тапқан 3900-дан астам сарбазға құрметімізді көрсетеміз. Сондай-ақ, қазір әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген 95 мың полицей мен жауынгерге алғыс білдіреміз.

 

Хабар 24 телеарнасы