405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте коменданттық сағат енгізілді

  • 99
  • UPD: 11:48, 02.06.2020

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы жаппай ереуіл мен тәртіпсіздіктер себеп болды. Афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты халықтың наразылығы бірнеше күннен бері тыйылмай тұр. Үкімет өңірде тәртіпсіздіктің алдын алу үшін полиция өкілдерінің санын екі есеге арттырмақ. Сонымен қатар қосымша күш Манхэттен мен Бруклинге де жөнелтілетін болады.

Билл де Блазио, Нью-йорк қ. мэрі:

- Өткен түнде Манхэттеннің кейбір аудандарында тонау фактілері тіркелді. Әдетте бұл өңірде қылмыс оқиғалары тіркелмейтін. Нью-Йорк қаласында да сауда орындарын тонауға жол берілмейді. Бұл әрекетке барғандарды аямай қатаң жазалайтын боламыз.

Ел президенті Дональд Трамп тәртіпсіздікті тыю мақсатында Нью-Йорк қаласына әскер жіберді. Ақ үй басшысы «қоғамның тыныштығы үшін әскери және азаматтық ресурстардың барлығы қолданылады» деп штат губернаторларына жағдайды бақылауда ұстау үшін Ұлттық ұлан сарбаздарын тартуды ұсынды. «Ахуал тұрақталмаса, ереуілдерге қарулы күшті жұмылдырамыз», деп сес көрсетіп отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Америкалықтар Джордж Флойдтың өліміне наразы. Менің әкімшілігім бұл оқиғаға қатысты әділдікті орнатады. Алайда, бейбіт тұрде басталған шерудің бұлай ушығуына жол берілмейді. Тәртіпсіздіктерден бейбіт халық зардап шегіп отыр. Мен ел президенті ретінде қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Бүгін мен әр штат губернаторына Ұлттық ұлан сарбаздарын да көшеге тартуға кеңес беремін. Егер сөзіме құлақ аспай, халықтың өміріне қауіп төндірсеңдер, АҚШ-тың қарулы күштерін жұмылдырып өзім-ақ мәселені шешіп беремін.

Хабар 24 телеарнасы