428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде COVID-19-дың таралуы бәсеңдеді

  • 371
  • UPD: 15:18, 02.06.2020

Ресейде коронавирус індетінің өршуі бәсеңдеп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы кездері бір күннің ішінде шамамен 10 мыңдай науқас тіркелді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өткен тәулікте 162 адам көз жұмып, вирус құрбандарының саны 4855-ке жетті. Бұған қарамастан, ел карантин режимінен біртіндеп шыға бастады. Жергілікті билік Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты парадқа дайындығын бастап кетті. Сонымен қатар ел билігі Конституциясына өзгеріс енгізуге қатысты дауыс беруге дайындалуда.

Дана Нұржан, тілші:

Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс беру 1 шілдеге белгіленгенін білеміз. Оған сәйкес президенттің осыған дейінгі мерзімдері толық жойылмақ. Егер құжат мақұлданса, Владимир Путин келесі президенттік сайлауда, яғни, 4 жылдан кейін қайта президенттікке үміткер болып, саяси додаға қатыса алады.

Конституциялық өзгерістерге дауыс беру бастапқыда 22 сәуірге белгіленіп, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген еді. Енді мамандар бұл шараны шілде айында өткізуге болады деп отыр. Ал, оған дейін Жеңіс күніне арналған Парад та өткізілмекші. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова болса, жаппай дауыс беру мүлдем қауіпсіз екенін айтып отыр. Пікірін тыңдап көрейік

Анна Попова, Роспотребнадзор басшысы:

Біріншіден, індеттің өршуі шарықтау шегіне дейін жетті. Екіншіден, енді вирустың таралуы айтарлықтай бәсеңдей бастады. Елде шектеу шаралары енгізілгеннен кейін аурудың таралу көрсеткіші 13 есеге азайды. Қазір бұл көрсеткіш 2%-ті ғана құрайды.

Дана Нұржан, тілші:

- Мәскеу ауруханаларында эпидемияның шарықтау шегінде шамамен 20 мың адам ем қабылдаған. 1 маусымнан бастап шаһарда 56 мың кәсіпорын ашылды. Сауда орталықтары да жұмысын жандандырды. Жергілікті билік тұрғындарға аптасына 3 рет қана сыртқа маскамен шығуға рұқсат берді. Оның өзінде таңғы сағат 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін. Бұған қала тұрғындары наразы. Халықтың көбі шектеулерге бағынбаймыз деп отыр.

Блиц 1:

Жетер енді. Онсыз да екі ай үйде отырдық.

Блиц 2:

Әрине, оқшаулану дұрыс шешім деп ойлаймын. Алайда, далада маска тағудың не қажеті бар?

Блиц 2:

Енді қолдан келгенше барлық талаптарды орындап отырмыз.

Дана Нұржан, тілші:

- Ал, Мәскеу облысында ертеңнен бастап сән салындары, монша мен өзге де кәсіпорындар ашылмақ. Жалпы жаз мезгілі басталысымен елдің көптеген өңірлерінде шектеу шараларының біразы жеңілдей бастады.

Хабар 24 телеарнасы