420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус Мьянмадан келген рохинджа босқындар лагеріне жетті

  • 331
  • UPD: 07:46, 06.06.2020
Коронавирус Мьянмадан келген рохинджа босқындар лагеріне жетті Global Voices

Бангладештегі бұл орталықта барлығы бір миллиондай босқын бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең сорақысы олар індетті анықтауға арналған тест тапсырудан жаппай бас тартып отыр. Өйткені кесел анықталса, отбасынан оқшауланып, айырылып қаламын ба деп қорқады. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын бұл лагерьде коронавирустан алғашқы науқас көз жұмған. Ол 71 жастағы қария. Бүгінге дейін лагерде 339 адам тест тапсырды, оның 29-нан вирус анықталған. Десе де, мамандар орталықта одан көп науқас бар деп отыр.

Мюриель Бурсье, Medecins Sans Frontieres ұйымының Бангладештегі басшысы:

– Рохинджа босқындары өз елдерінен әскери қақтығыстардан соң қашып келген. Олар да отбасынан айырылып қаламын ба деген қорқыныш басым. Сондықтан тест тапсырудан бас тартып отыр. Вирус анықталса, оқшаулануға алып кетеді, жалғыз қаламын деп қорқады.

Хабар 24 телеарнасы