418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеу қаласы оқшаулану режимінен шықты

  • 173
  • UPD: 12:58, 09.06.2020

Жалпы Ресейде соңғы тәулікте коронавирус диагнозымен 9 мыңға жуық адам тіркеліп, 112 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал пандемия басталғалы шамамен 6 мыңға жуық адам қайтыс болды. Ресейліктер елдегі барлық шектеу шаралары осы айдың соңына дейін аяқталып, шекараның ашылатынына үмітті.

Ел астанасы бұрынғы тыныс-тіршілігіне орала бастады. Бүгіннен бастап Мәскеуде оқшаулану режимі аяқталды. Бұдан былай сыртқа шығып, қалада жүру үшін арнайы рұқсат алу міндетті емес. Шаштараздар, сән салондары, ветеринарлық клиникалар жұмысын қайта жандандырды. Жоспар бойынша бір аптадан кейін жазғы кафелер, мұражайлар, кітапханалар мен көрмелер де ашылатын болады. Жақын арада спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылмақ.

Сергей Собянин, Мәскеу қаласының мэрі:

– Эпидемиядан шығу үшін барлық көрсеткіш нормаға сәйкес келіп тұр. Енді келесі кезеңге өтетін боламыз. Яғни Мәскеу өзінің бұрынғы тыныс-тіршілігіне орала бастайды. Эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға арналған шектеу шаралары санитарлық талаптарға сәйкес осы айда алынып тасталатын болады.

Ал фитнес-клубтар, бассейндер ағымдағы айдың соңына қарай ашылады. Балабақша жұмысының шектеулері де осы кезде алынатын болады. Естеріңізге салайық, Жеңіс күніне байланысты ұйымдастырылмақ болған салтанатты парад маусымның 24-іне жоспарланып отыр.

Жегілікті билік Ресей азаматтарына оқуға, емделуге немесе жұмыс бабымен, сондай-ақ туған-туыстарға көмектесу мақсатында шекарадан өтуге рұқсат берді. Ол үшін арнайы құжат көрсету қажет. Шет ел азаматтары медициналық мақсатта елге кіре алады. Ал елдің көлік министрлігі тұрақты халықаралық әуе қатынасы жайында айту әлі ерте дейді.

Хабар 24 телеарнасы