428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасқынынан тоғыз адам қаза тапқан

  • 325
  • UPD: 09:36, 10.06.2020
Қытайда су тасқынынан тоғыз адам қаза тапқан

Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан жүздеген тұрғын үй мен егістік алқаптары су астында қалған.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қазір табиғи апаттан миллионнан астам азамат зардап шегіп отыр.

Айта кетейік, Қытайдың оңтүстігінде күн райының бұзылғанына бірнеше күн болды. 2 маусымнан бері тасқын салдарынан 9 адам көз жұмған. Тағы 5 кісі із-түзсіз жоғалып кетіпті. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы