Коронавирустық эпидемия Италияның жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай зиян келтірді.
Бірақ елдегі шектеулер жойылғаннан кейін біртіндеп қалпына келе бастады.
Калабрия аймағында орналасқан Чинкуэфронди коммунасы үйлерді 1 евроға сатуды алғашқы болып қайта бастады. Бұл туралы lenta.ru CNN travel-ге сілтеме жасап хабарлады.
Өңір билігі осылайша жаңа тұрғындарды тартып, демографиялық проблемаларды шешуді көздеп отыр.
Сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап – сатып алынған ғимаратты үш жыл ішінде жөндеуден өткізу.