431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


КХДР Оңтүстік Кореямен байланыс торабын жарып жіберді

  • 383
  • UPD: 17:50, 16.06.2020
КХДР Оңтүстік Кореямен байланыс торабын жарып жіберді

Солтүстік Корея Кэсон өндірістік аймағындағы екі елдің байланыс торабын жарып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Оңтүстік Корея тарапы мәлім етті. Ақпарға қарағанда, оқиға Пхеньянның қарусызданған аймаққа әскерін кіргізетіні жайлы хабарлаған соң болған. Еске сала кетейік, маусым айы басталғалы қос Корея арасындағы қарым-қатынас қайта шиеленісті. Оған Оңтүстік Корея тарапынан солтүстікке қарай үгіт-насихат парақшаларының жіберілуі себеп. Осыған байланысты Пхеньян Сеулмен барлық байланыс жүйесін өшіріп тастады.

Хабар 24 телеарнасы