417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнады

  • 221
АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнады

АҚШ-та соңғы күні коронавирусты жұқтырғандар саны 40 мыңнан асып, рекорд орнады.

Бұл Америкада індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұған кейбір штаттарда шектеу шараларын алып тастау себеп болған. Қазір елде дертке шалдыққандардың жалпы саны 2 миллион 470 мыңға жуықтаған. Вице-президент Майкл Пенстің мәлімдеуінше, 16 штатта дертті жұқтыру дерегі көбейген. Әсіресе, жағдай Аризона, Техас және Флоридада ұшыққан. Қалған аймақта індет ахуалы біршама тұрақты. Дегенменбилік індетпен күресте біршама жетістікке қол жеткізгенін айтып отыр. Себебі дерттен қайтыс болғандардың қарасы азайған.

Хабар 24 телеарнасы