426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ басшысы алпауыт мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа алаңдаулы

  • 293
  • UPD: 19:52, 28.06.2020
БҰҰ басшысы алпауыт мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа алаңдаулы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемнің ірі мемлекеттеріне ұлттық мүдделерін ғаламдық міндеттермен араластырмауға шақырды.

Ұйым басшысы мұндай мәлімдемені ақпарат құралдары өкілдерімен онлайн кездесуде жасады. Халықаралық қауымдастық дағдарыстан кейін қалпына келуі үшін әлемнің ірі елдері күш біріктіруі тиіс дейді Гутерриш.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

- Ғаламдық басқару жүйесіне әлемнің ірі мемлекеттері белсенді түрде атсалысуы тиіс. Бірақ қазір жетекші елдер арасында ауызбіршілік азайып, қарым-қатынас ақсап тұр. БҰҰ Бас ассамблеясы отырысына дейін Қауіпсіздік кеңесі тұрақты мүше елдерінің саммиті өтеді деген үміттемін. Себебі маңызды мәселелерді шешуге кедергі болған сұрақтарды талқылау қажет.

Бұған дейін жоғары деңгейде кездесу өткізу идеясын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Елбасы 2018 жылдың күзінде Брюссельдегі Еуропа-Азия форумында Ресей, АҚШ, Қытай және Еуроодақ басшыларының саммитін өткізуге шақырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы