412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгтің ұлттық қауіпсіздігі туралы заң қабылданды

  • 105
  • UPD: 18:42, 30.06.2020
Гонконгтің ұлттық қауіпсіздігі туралы заң қабылданды

Қытай парламенті Гонконгтің ұлттық қауіпсіздігі туралы заң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24.

South China Morning Post басылымының дерегінше, Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының тұрақты комитетінің 162 мүшесі заң жобасын қолдап, дауыс берген. Құжатқа сәйкес сепаратистік, террористік және арандатушылық әрекеттерге баруға және шетелдік күштермен байланыста болуға тыйым салынады. Басылымның хабарлауынша, заңды бұзғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құжат мәтіні бүгін жарияланып, 1 шілдеде күшіне енеді деп жоспарланған. Қытай билігі арнайы әкімшілік аймаққа қатысты жаңа заң жобасын өткен айда талқылай бастады. Бұл бастамаға Гонконг тұрғындары наразылық танытып, шерулерге шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы