417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саха Республикасында төтенше жағдай жарияланды

  • 159
  • UPD: 09:32, 03.07.2020
Саха Республикасында төтенше жағдай жарияланды

Ресейдегі Саха Республикасының билігі ел аумағында өршіген орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаумен жергілікті және көрші аймақтардан көмекке келген 800-ден аса өрт сөндіруші арпалысып жатыр. Алайда күшті желдің кесірінен от тез арада үлкен аумаққа тарап кетті. Қою түтін өрт ошағынан 400 шақырым қашықтықтағы Якутскке жетті. Осының салдарынан қалада тыныс алу жүйесінің аурулары күрт артып, жедел дәрігерлік көмек көліктері тынбай еңбек етіп келеді. Биыл Сібір мен Қиыр Шығыс аймағында бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнаған. Тіпті Солтүстік полюске жақын өңірдің өзінде ауа температурасы 38 градусқа дейін ысыды. Осындай жағдайда қурап қалған шөп пен бұтақтардың өртенуіне бір-ақ ұшқын жеткілікті. Орман өртінің өршуіне аптап ыстық себеп болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы