418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы фейерверк фабрикасында бірнеше жарылыс болды

  • 146
  • UPD: 16:16, 03.07.2020
Түркиядағы фейерверк фабрикасында бірнеше жарылыс болды aa.com.tr

Әзірге көз жұмғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясындағы отшашу фабрикасында бірнеше жарылыс болды.

CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, оқиға орнына көптеген өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жөнелтілген.

Бірінші және одан кейінгі жарылыстар кәсіпорыннан 50 шақырым радиуста естілген, бұл жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең тудырған. Көптеген адамдар жарылысты жер сілкінісі деп ойлап далаға шыққан.

Оқиға себебі әлі анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы