418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда қажылар мінген автобусты пойыз қағып кетті

  • 163
  • UPD: 18:03, 03.07.2020
Пәкістанда қажылар мінген автобусты пойыз қағып кетті

Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясында пойыз автобусқа соғылып, кем дегенде 19 қажы қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, қажылар мінген автобус жабдықталмаған темір жолдан өтіп бара жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша автобус жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, темір жолда пойыздың бар-жоғын дұрыс қарамаған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың саны нақтылануда.

 

 

Хабар 24 телеарнасы