429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің 25 елінде World Dombyra festival ұйымдастырылды

  • 565
  • UPD: 23:15, 06.07.2020

Ұлттық домбыра күні  төрткүл дүниеде ұлықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің 25 елінде тұратын қандастарымыз 36 қаланың орталығында қазақтың күйлерін күмбірлетіп, бейнебаян түсірді. Қос ішекті ұлттық аспабымыздың үні Сібір мен Жерорта теңізі аралығында, Күншығыс елінен Америкаға дейін 20-дан астам мемлекетте асқақтады. Аталған іс-шараны QazAlliance  ұйымдастырды. Оған осы елдерде өмір сүретін және білім алып жатқан қандастарымыз қатысты. Игі істің басы-басында жүргендер шетелдегі қазақтарды ұлттық құндылық пен төл өнерімізге баулуды көздейді. Жоба аясында Димаш Құдайбергенге арналған «Димаш Байжұма» атты күйдің тұсаукесері өтті. Туындының авторы Ресейдің Алтай Республикасының тұрғыны Жанайдар Нұрсалиев.

Тимур Сырымдатұлы,  бейнебаян режиссері:

– Халықаралық домбыра фестивальін жылда тойланатын мерекеге айналдыруды көздейміз. Мәселен, келер жылдың дәл осы күні әлемнің ең ірі қалаларының орталықтарында отандастарымызбен бас қосып, ұлттық рухымызды көтеріп, түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Анар Байжанова, жобаға қатысушы:

– Бұл жоба шетелдегі барлық қазақты біріктірді. Тек қана Түркияның өзінде еліміздің  азаматтарымен қоса, Ыстамбұл консулдығы мен жергілікті қазақтар бұл күнді атап өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы