421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Le Monde: Париждің су құбырларынан коронавирус анықталды

  • 214
  • UPD: 15:21, 09.07.2020
Le Monde: Париждің су құбырларынан коронавирус анықталды

Француз зерттеушілері Парижде коронавирустық эпидемия қайта оралуы мүмкін деп ескертеді.

Олар қалада оқшаулау режимі аяқталғаннан бері алғаш рет ағынды сулардан вирус тапқан.

Бұл туралы Le Monde газеті хабарлайды.

Inserm ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері 5 наурыздан 23 сәуір аралығында жүргізген зерттеулер барысында өздерінің нәтижелерін үкіметтің науқастар саны туралы мәліметтерімен байланыстырады.

Мамыр айының ортасында, оқшаулау режимі жойылған кезде олар сарқынды сулардың кез келген үлгілерінде коронавирустың іздерін таппаған. Алайда, 22-25 маусымда 12 үлгінің алтауында коронавирустың аздаған мөлшері бар екендігін байқаған. Бір аптадан соң олардың нәтижелері расталды.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл әдіс халықтың денсаулық жағдайын көрсетеді. Вирус адамның қалдықтарында ол ауырған соң бірнеше күн өткен соң, тіпті кейде ауру белгілерінің басталуына дейін пайда болады екен.

Айта кетейік, Францияда эпидемия басталғаннан бері 169 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, олардың 30 мыңға жуығы көз жұмған. Қазіргі уақытта ауруханаларда 7 мыңнан астам науқас жатыр, олардың 529-ы реанимацияда. Бүгінгі таңда елде 77 мыңнан астам науқас емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы