418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербия халқы комендант сағатының енгізілуіне қарсы шықты

  • 199
  • UPD: 17:58, 11.07.2020
Сербия халқы комендант сағатының енгізілуіне қарсы шықты

Сербияда үкіметке қарсы наразылық шарасы полициямен қақтығыстарға ұласты. Елде мұндай шерулердің өтіп жатқанына бір аптадан асқан.

Белград қаласында ұйымдастырылған бүгінгі акцияға бірнеше мың демонстрант жиналып, тәртіп сақшыларына тас пен тұтанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелерді лақтырды. Наразы халық елдің қазіргі президенті Александр Вучичтің отставкаға кетуін талап етуде. Жұрт биліктің коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты комендант сағатын енгізуіне қарсы. Алайда елдегі жағдай оңалар емес. Сербияда 18 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталған. 300 мың азамат аталған індеттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы