429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирустан көз жұмғандар ортақ қабірге жерленіп жатыр

  • 216
Бразилияда коронавирустан көз жұмғандар ортақ қабірге жерленіп жатыр

Соңғы тәулікте Латын Америкасы елінде тағы 20 мыңнан астам адамнан инфекция анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал пандемия басталғалы бері коронавирус жұқтырғандар қатары 2 миллионға таяп қалды. Қазір бұл мемлекет жұқпалы дертке шалдыққандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Әсіресе, Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро сияқты ірі қалаларда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Амазон аймағындағы ахуал да көңіл көншітпейді. Онда ауруханаларда орын да, дәрігер де тапшы. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайтыс болғандар ортақ қабірге жерленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы