Пандемияға байланысты енгізілген шектеу шаралары жеңілдеген соң бірқатар елде ахуал күрделеніп кетті.
Қазір қатаң карантин тәртібі Иранда да қайта енгізіліп жатыр. Вирустың таралу қарқынын тежеу үшін ел астанасы Тегеранда бір аптаға карантин жарияланды. Енді қаладағы мешіттер, дүкендер, кітапханалар, кинотеатрлар, сұлулық салондары және неке сарайлары жабылады. Бұқаралық және отбасылық шараларды да өткізуге тыйым салынады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың тең жартысына жуығы вирусты отбасылық жиындарда жұқтырғанын хабарлады. Бұған дейін тұрғындарға қоғамдық орындарда маска тағып жүру міндеттелген еді.