424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАӘ араб елдері арасында бірінші болып Марсқа ғарыштық зонд жіберді

  • 341
  • UPD: 15:17, 20.07.2020
БАӘ араб елдері арасында бірінші болып Марсқа ғарыштық зонд жіберді

Біріккен Араб Әмірліктері араб елдері арасында бірінші болып Марсқа ғарыштық зонд жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Аль-Амаль» атауын алған құрылғы көкке Танэгасима ғарыш айлағынан жапондық ғарыш-тасымалдағышы арқылы ұшырылды.

Алғашында старт 14 шілде күніне жоспарланған еді. Алайда қолайсыз күн-райына байланысты ұшыру күні бірнеше мәрте ауыстырылды. Мұхаммед бин Рашид ғарыш орталығы және Колорадо ғарыштық физика университеті құрастырған зонд жеті айдан соң, яғни 2021 жылы Қызыл планетаға жетеді деген жоспар бар. Бұл миссияның мақсаты – атмосфера, климаттық жағдай және жыл мезгілдерінің ауысуын зерттеу. Құрылғы онда 687 күн болып, Марстағы ауа райы және құмды боран түзілетін атмосфераның төменгі қабатын зерделейді. Айта кетейік, бұл процесс видео арқылы бақыланады. Себебі кемеге бірден үш камера орнатылған. Жобаның жалпы құны – 200 миллион доллар.

Закарейя Хуссайн Аль-Шамси, ғарыш орталығының маманы:

– Құрылғыда бағдарламалық жүйе орнатылған. Ол автоматты түрде панелін Күнге бағыттайды. Сол арқылы жерге сигнал келіп түсуі керек. Біз сол сигналды тапқан соң, барлық ақпаратты ала аламыз. Бұл көптен күткен миссиямыз. Себебі Марсқа саяхат кезінде ғарыш кемесін толықтай бақылауда ұстап, ондағы атмосфераны камера арқылы көре аламыз.

Хабар 24 телеарнасы