419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«IndiGo» әуе компаниясы қызметкерлер санын қысқартады

  • 232
  • UPD: 23:45, 21.07.2020

Үндістанда соңғы тәулікте тағы 37 мың тұрғыннан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп елдегі науқастардың жалпы саны 1 миллион бір жүз мыңнан асты. Індеттің кесірінен елдің экономикасы да шатқаяқтап тұр. Қазір Үндістан алтын сатып алуды тоқтатқан. Кәсіпкерлердің де жағдайы қиын. Жергілікті кәсіпорындардың жұмысы тұралап, мыңдаған дүкен мен базарлар қызметін тоқтатқан.

Кітап дүкенінің иесі:

– Коронавирус кесірінен бизнесіміз тоқтап тұр. Себебі жұрттің бәрі үйлерінде. Қауіп өте жоғары болғандықтан, тұрғындар тек қажет болған кезде ғана сыртқа шығады. Сондықтан сатып алушылар қазір жоқтың қасы.

Елдегі ең ірі «IndiGo» әуе компаниясы қызметкерлерінің санын 10 процентке қысқартатын болды. Сөйтіп шығынын азайтуды көздейді. Қазір компанияда 24 мың адам еңбек етеді.

Хабар 24 телеарнасы