423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда бір тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырған

  • 218
Бразилияда бір тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырған

Бразилияда соңғы тәулікте 67860 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – пандемия басталғалы бір күнде тіркелген рекордтық көрсеткіш. Өткен аптада Бразилияда тәуліктік өсім көрсеткіші тұрақталды деген еді. Алайда, осы аптада жағдай өзгеріп шыға келді. Бразилия президентінің коронавирусқа үшінші мәрте тапсырған сынамасы вирус белгілері бар екенін көрсеткен. Ол қашықтан жұмыс істеп отыр. Кейбір тұрғындар мемлекет басшысының жағдайы үшін алаңдап жатса, басқалары ахуалдың осылай ушығуына билікті кінәлайды.

Сокорро Медейрос, жергілікті тұрғын:

- Елде вирус өршіп тұрғанда бізде Денсаулық сақтау министрі болмады. Президент оларды отставкаға жіберіп, министрлер ауысып отырды. Қазір саясатпен айналысатын уақыт емес. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күш біріктіретін кез.

 

Хабар 24 телеарнасы