426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалда су тасқыны салдарынан 132 адам мерт болды

  • 268
  • UPD: 11:52, 25.07.2020
Непалда су тасқыны салдарынан 132 адам мерт болды

Непалда толассыз жауған жаңбыр соңы тасқын су мен лай көшкініне ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 132 адам мерт болды. Нөсер жауын салдарынан көтерілген өзен суы арнасынан асып, жол мен үйлерді шайып кеткен. Сондай-ақ егістік алқаптары да су астында қалған. Шамадан тыс жауған жаңбыр көршілес Үндістан еліне де зардабын тигізді. Мұнда табиғат апатынан 2 мың ауылды су басқан.

Хабар 24 телеарнасы