429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сан-Паулуда көрмеге келушілердің қауіпсіздігі ерекше ұйымдастырылды

  • 177
Сан-Паулуда көрмеге келушілердің қауіпсіздігі ерекше ұйымдастырылды

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы өнер галереясы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көрмені ерекше жолмен ұйымдастыруға көшті.

Енді шаһар азаматтары қылқалам шеберлерінің туындыларын көлікпен барып көре алады. Ол үшін арнайы орын салынған. Көлігі жоқ азаматтар жалға алуына болады. Тек жабық орынға бір мезгілде 20 машинадан артық кірмеуі тиіс. Ал көрмеге коронавирус кезінде салынған түрлі тақырыптағы картиналар қойылған.

Пьер Мантовани, жергілікті тұрғын:

- Көрмені мұндай жолмен көрудің өзі үлкен қуаныш. Себебі қала коронавирусқа байланысты көп уақыт жабық болып, енді ашылып жатыр. Індеттен тұрғындар үйлерінен шыға алмады. Сондықтан мұндай іс-шаралар адамдар үшін рухани көмек дер едім.

Хабар 24 телеарнасы