431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда шектеу шаралары қайта енгізілді

  • 205
  • UPD: 14:35, 29.07.2020

Ливанда вирус жұқтырғандар саны көбейіп, шектеу шаралары қайта енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптадан бастап ел аумағындағы діни нысандар, кинотеатрлар, жаттығу залдары және түнгі клубтар 14 күнге жабылды. Ал банк, мектеп, дүкен мен жекеменшік компанияларға аптасына екі күн ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бейрут әуежайы мен теңіз порттары ашық. Алайда вирус жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендер екі күндік карантинде болуы тиіс. Айта кетейік, эпидемия басталғалы елде 4 мыңнан астам адам дертке шалдығып, 50 науқас көз жұмған.

Фарах, мұғалім:

– Әрине, мен сақтық шараларын ұстанамын. Маска тағып, адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысамын. Тұрғындар босаңсып кетті. Ахуал қайта ушығуы мүмкін. Сондықтан билік шектеуді күшейтті.

Мұхаммед Мұстафа, жергілікті тұрғын:

– Бұл шаралардың не үшін қажет екенін түсінбеймін. Карантин болды, кейін шектеулер алынды. Талаптардың орындалуын кім қадағалайды? Адамдар топ-топ болып жиналып жатады. Түк өзгерген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы