428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Американдық вакцинаның сынағына қатысуға мыңға жуық адам ниет білдірді

  • 261
  • UPD: 22:24, 31.07.2020
Американдық вакцинаның сынағына қатысуға мыңға жуық адам ниет білдірді

Америкалық «Джонсон энд Джонсон» компаниясы коронавируске қарсы вакцинаны адамдарға сынап көре бастады.

Бұған дейін екпе маймылдарға жасалып, тәжірибе оң нәтиже берген. Зерттеу қорытындысы 6 аптадан кейін жануарларда COVID-19-ға қарсы иммунитет пайда болатынын көрсеткен. Қазір препарат Бельгия мен АҚШ-та сынақтан өтіп жатыр.

Компания мәліметінше, тәжірибеге қатысуға мыңға жуық ерікті ниет білдірген. Мамандар вакцина сынағының үшінші кезеңін қыркүйектің соңында бастауды жоспарлап отыр. 

Дэн Баруш, вирусолог, Гарвард медицина мектебінің профессоры:

- Барлығы ойдағыдай болса, қыркүйекте вакцина 30 мың адамға салынады. Бұл фазаның қанша уақытқа созылатыны әзір белгісіз. Тәжірибе жақсы нәтиже көрсетіп, сынақ аяқталатын болса, келер жылдың басында препарат қолданыла бастауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы