419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейруттегі жарылыс: кемежай әкімшілігі үйқамаққа алынды

  • 320
  • UPD: 22:53, 05.08.2020

Бейруттегі жарылыс кемежай қызметкерлерінің салғырттығынан болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың пікірі осындай. Алдын ала тергеу жұмыстарына қарағанда жарылысқа ангардағы өрт себеп болған. Кейін жалын бірнеше тонна аммиак селитрасы сақталған қоймаға ауған. Шетелдік кемеден тәркіленген бұл затты жою үшін кеден қызметі бірнеше мәрте сотқа шағымданыпты. Алайда іс созыла берген. Ал оның қауіпсіздігіне кемежай әкімшілігі жауапты болған. Осыған байланысты ел үкіметі айыптыларды анықтау мақсатында оларды түгел үй қамаққа алды. 

Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен.  Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Осы оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді.

Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді.

Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы