424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда тасқыннан 10 адам ажал құшты

  • 178
Суданда тасқыннан 10 адам ажал құшты

Судан су тасқынынан зардап шегуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ақпаратқа сүйенсек, апаттан 10 адам қайтыс болған. Шамамен 3 мың баспана топан су астында қалды. Аймақта бір апта бойы төпелеп жауған жауынның әлі де басылар түрі жоқ. Табиғаттың тосын мінезінен елдің оңтүстік бөлігі ең көп зардап шекті. Онда мыңдаған адам баспанасынан айырылып, егістік алқаптары жарамсыз күйге айналды. Тасқыннан  ағаштар құлап, үй жануарлары суға кетіп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Хартум қаласындағы көк ніл өзенінің суы 16,5 мертге дейін көтерілген. Жергілікті билік аймақ тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы