426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда таудағы мұздық қауіп төндіріп тұр

  • 257
  • UPD: 10:46, 07.08.2020
Италияда таудағы мұздық қауіп төндіріп тұр

Италияның солтүстігіндегі Планпансье мұздығының еріп, көшу қауіпі төнді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Монблан тауының баурайындағы Валь Ферре алқабынан  70 адам эвакуцияланды. Олардың басым көпшілігі Курмайоре курортында демалып жатқан саяхатшылар. Мамандардың айтуынша, күннің ысуынан  алқапқа 500 мың текше метр мұз көшуі ықтимал. Айта кетейік, 2019 жылы қыркүйек айында да дәл осындай жағдай қалыптасып, жергілікті тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген еді.

 

Хабар 24 телеарнасы