426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ жұмыссыз қалған азаматтарына өтемақы беруді жалғастырады

  • 221
  • UPD: 17:54, 09.08.2020

АҚШ коронавирустан зардап шеккен америкалықтарға өтемақы төлеуді жалғастырады. Жақында ел президенті ковид-19-дан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету туралы қаулыға қол қойды.

Оған сәйкес, індет кезінде жұмыссыз қалғандарға аптасына 400 доллардан беріледі. Жыл соңына дейін азаматтар білім несиесін төлеуден босатылады. Жылдық табысы 100 мың доллардан аспайтын американдықтар табыс салығын уақытша төлемейді. Ал жұмыссыз қалып үйді жалға алып, өтей алмай жүргендер пәтерден шығарылмайды.

Хабар 24 телеарнасы