427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байден сайлауда жеңсе, Камала Харрис вице-президент болады

  • 240
  • UPD: 13:13, 12.08.2020
Байден сайлауда жеңсе, Камала Харрис вице-президент болады diasporanews.com

АҚШ-тың Демократиялық партиясы атынан президенттік сайлауға қатысатын Джо Байден сенатор Камала Харристі болашақ вице-президент ретінде таңдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазған. Осылайша Харрис АҚШ вице-президенттігіне ұсынылған қаранәсілді алғашқы әйел болмақ.

Жалпы, Байденнің айтуынша, ол жасырын іріктеу шараларынан кейін осындай шешімге келген. Өз кезегінде СNN телеарнасы саясаткердің бұл жоспары туралы оның жақын достары мен демеушілері де білмегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Камала Харрис 55 жаста. Оның анасы – Үндістан тумасы, әкесі – Ямайкадан.

Хабар 24 телеарнасы