Гонконгтың жетекші әуе компаниясы – «Кэтэй Пәсифик» биылғы жарты жылда рекордтық шығынға батқанын жария етті.
Бәріне коронавирус себеп. Жылдың алғашқы 6 айында әуе тасымалдаушының шығыны 1 миллиард, 300 миллион АҚШ долларына жуықтаған. 70 жылдан астам тарихы бар компания жылдың алғашқы жартысында 4 жарым миллионға жуық жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 76 процентке аз. Негізі маусымның басында банкрот алдында тұрған компания жергілікті биліктің қолдауымен қайта капиталдандыру жоспары жайлы жария еткен еді.