Індет аз таралды деген Жаңа Зеландияда коронавирус тағы 13 адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 12-сі Оклендте тіркелген. Вирусты жұқтырғандардың бәрі науқастармен тығыз байланыста болған. Бұдан бөлек, дерт Ауғанстаннан Дубай арқылы келіп, карантинде отырған баладан да шықты. Қазір науқастардың бәрі оқшауланған. Жалпы Жаңа Зеландияда ақпан айынан бері коронавируспен 1271 адам ғана ауырған. Тіпті бұл елде мамыр айынан тамыздың басына дейін ешқандай вирус жұқтыру дерегі тіркелмеген еді.