426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мали президенті: Билікті сақтап қалу үшін елде қан төгілгенін қаламаймын

  • 197
  • UPD: 22:44, 19.08.2020
Мали президенті: Билікті сақтап қалу үшін елде қан төгілгенін қаламаймын

Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онымен қоймай, парламент пен үкіметті таратады. Мали басшысы тұтқынға алынғаннан кейін осындай мәлімдеме жасаған.

Айта кетейік, 18 тамызда Малиде әскерилер бүлік бастаған еді. Олар президент резиденциясын басып алып, мемлекет басшысы мен премьер-министрді тұтқындады. Осыған байланысты БҰҰ-ның бас хатшысы үндеу жасап, конституциялық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге және мемлекет басшылығын босатуға шақырды. Ал, Африка одағы мен Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы Малимен арадағы шекараны жауып, экономикалық байланысты уақытша тоқтатты.

Ибрагим Бубакар Кейта, Мали президенті:

- Мен өз өкілетімді осы сәттен бастап тоқтату туралы шешім қабылдадым. Билікті сақтап қалу үшін елде қан төгілгенін қаламаймын.

Хабар 24 телеарнасы