426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эллен дауылы Біріккен Корольдікті әбігерге түсірді

  • 127
  • UPD: 15:20, 20.08.2020
Эллен дауылы Біріккен Корольдікті әбігерге түсірді

Ирландияның оңтүстік жағалауында Эллен дауылы ойран салды. Табиғат апатынан жергілікті билік аймақта қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.

Мамандардың айтуынша желдің екпіні сағатына 130 шақырымға дейін жетеді. Құтқарушылар жергілікті тұрғындар мен саяхатшыларды қауіпсіз жерге көшуге шақырады. Долы дауыл Ұлыбританияны да айналып өтпеді. Қатты желден елдің кей ауданы жарықсыз қалды.

Аймақта ағаштар құлап, ондаған автокөлікке зақым келді. Билік өкілдері Біріккен Корольдіктің батыс жағалауында төтенше жағдайдың сары деңгейін жариялады. Әзірге табиғат апатынан жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы