420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда күнкөріс көзі саналатын жаңғақ саудасынан табыс төмендегелі тұр

  • 146
  • UPD: 00:29, 22.08.2020

Грузия экономикасы да осы коронавирустан шатқаяқтап тұр. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында проблема көп. Айталық, елдегі шаруалар биыл өнімін сыртқа шығара алмай қаламыз ба деп қауіптенеді. Басты үміт үкіметте.

Грузия орман жаңғағы бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кіреді. Отандық өнімнің 90 проценті елдің батыс бөлігінде, Абхазиямен шекаралас аймақта өсіріледі. Сондықтан болар жергілікт тұрғындар үшін дәл осы майлы дақылдар күнкөрістің жалғыз көзі.  

Леван Кардава, Грузияның жаңғақ өңдеушілер мен экспорты қауымдастығының атқарушы директоры: 

- Былтырғы өнім түгелдей сатылды. Тек Галв өңірінің тұрғындары ғана сатуға байланысты қиындықтарға тап болды. Дегенмен, шекара ашылған соң жаңғақтарды өткізу жағы қайта қалпына келеді. Бірақ олар төмен бағамен сатылады. Жалпы, былтыр біз 40 мың тонна өнім алған едік. Биыл 55 мың тонна жаңғақ жинаймыз деп отырмыз.

Грузия осы орман жаңғағын ең көп экспорттаушы ел болғанмен мұны өсіріп, сатудың да өз қияметі бар. Бір уақытта өнімді қандала талап, түк қалдырмаған еді. Шаруалар мұның да амалын енді таба бастағанда коронавирус килікті. 

Роланд Шулаия, шаруа:

- Екі жыл бұрын қандала қаптап кеткен еді. Соның салдарынан қыруар шығынға баттық. 4 жыл бойы шаруалар мен билік осы бір жәндіктердің көзін құртумен әлек болды.

Ақыры мәселе шешімін тапты. Бүгінде егістік алқаптарымыз қайта қалпына келді. Бірақ індеттің кесірінен жұмысшылар азайды. Егер жұмысшылар тағы 20 процентке көбірек болғанда, жақсы болар еді. Өйткені адамның аздығы қол ұзартпай тұр.

Қанша дегенмен індет кезінде де жаңғақ өндіру ісі тоқтаған жоқ. Өндірушілер майлы дәнге сұраныс азайғанымен оның қайтсе де өтетініне сенімді. Өйткені осының алдында мемлекет шабдалы сатуға көмектессе, енді жүзім өсірушілерді қолдау бағдарламасын іске қосқан. 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы