429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең бай адамның табысы 200 млрд долларға жетті

  • 319
  • UPD: 14:43, 26.08.2020
Әлемдегі ең бай адамның табысы 200 млрд долларға жетті Коммерсант

Әлемдегі ең бай адам, америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безостың қалтасы тағы қалыңдады.

Forbes мәліметінше, бұл жолы оның табысы 199,7 млрд долларды құрады.

Коронавирус пандемиясы басталғалы миллиардер басқаратын компанияның құнды қағаздары 55 процентке өсіпті. Ал Безоске бұл компания акциясының 11 проценті тиесілі.

Жалпы, соңғы 12 айда Amazon иесі $86 млрд табыс тапқан. Осылайша Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдардың арасында көш бастап тұр.

Хабар 24 телеарнасы