424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда су тасқынынан 70-тен аса адам қаза тапты

  • 152
  • UPD: 21:48, 26.08.2020
Ауғанстанда су тасқынынан 70-тен аса адам қаза тапты

Ауғанстанның шығысындағы Чарикар қаласында толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласып, 70-тен астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ден аса тұрғын жарақат алды. Опат болғандардың көбі – әйелдер мен балалар. Тасқын түн ішінде болғандықтан, адамдар үйлерінен шыға алмай қалған. 300-дей үй қирады. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы