420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илон Масктың дәулеті жүз млрд доллардан асты

  • 153
  • UPD: 12:27, 27.08.2020
Илон Масктың дәулеті жүз млрд доллардан асты

Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың дәулеті осы жылдың басынан бері 3,5 еседен астам өсіп, алғаш рет 100 млрд доллардан асты, деп жазды Bloomberg.

27 тамыздағы жағдай бойынша Масктың байлығы 101 млрд долларды құрайды. BBI деректері бойынша, жылдың басында ол шамамен 27,4 млрд болған. Осылайша, содан бері миллиардердің дәулеті 73,6 млрд долларға, яғни 3,7 есе өсті.

Бұл Tesla акциялары бағасының қымбаттауына байланысты. 20 тамызда Tesla акцияларына баға белгілеу тарихта алғаш рет 2000 доллардан асып түсті. Қаңтарда компания акцияларының құны 430,26 долларға бағаланды. Осылайша, жыл басынан бері Tesla капитализациясы 4,7 есе өсті.

Айта кетсек, Маск BBI рейтингінде төртінші орында тұр. Бірінші орында 202 млрд доллар байлығы бар Amazon басшысы Джефф Безос, екінші орында дәулеті 124 млрд долларды құрайтын Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс. Үшінші орында Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг (115 млрд доллар).

Хабар 24 телеарнасы