424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын Америкасы коронавирус шырғалаңынан шыға алмай отыр

  • 192
  • UPD: 15:19, 29.08.2020
Латын Америкасы коронавирус шырғалаңынан шыға алмай отыр

Латын Америкасында коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Мәселен, Куба астанасы Гаванада індет жұқтырғандар санының артуына байланысты 1 қыркүйектен бастап коменданттық сағат енгізіледі.

Сөйтіп, келесі аптадан бастап тұрғындарға кешкі 7 мен таңғы 5 аралығында сыртта жүруге болмайды. Дүкендердің жұмыс кестесі қысқарады. Сондай-ақ қалаға кіріп шығу шектеледі. Карантин ережелерін бұзғандар 2 мың песо, теңгеге шаққанда 34 мың көлемінде айыппұл төлейді. Коменданттық сағат 2 аптаға жалғасады. Алайда эпидемиологиялық ахуал жақсармаса, билік оны ары қарай ұзартуы мүмкін. 

Ариана Росс, жергілікті тұрғын:

- Осылай боларын білген едім. Бірақ коменданттық сағатқа қарсы емеспін. Керісінше бұл дұрыс деп санаймын. Өйткені тәртіп қажет. Әйтпесе вирустың таралуын тежей алмаймыз. 

Аргентинада вирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Соңғы тәулікте мұнда 11717 дерек расталды. Бұл бір күнде тіркелген ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Сондай-ақ кейінгі тәулікте 222 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты елде карантин 20 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы