426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маврикий астанасында мыңдаған адам ереуілге шықты

  • 174
  • UPD: 14:26, 30.08.2020
Маврикий астанасында мыңдаған адам ереуілге шықты

Олар биліктің экологиялық апат кезінде дұрыс әрекет етпегенін айтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілге теңіз қорығы аумағында болған оқиға себеп. 25 шілдеде мұнда жапондық кеме қайраңда қалған. Араға он шақты күн салып, су көлігінде тесік пайда болып, мың тоннаға жуық мұнай өнімдері теңізге ағып кеткен. Тағы да он шақты күн өткесін танкер екіге бөлініп, мұнай өнімдерінің 3 тоннасы суға төгілген. Бұл ел тарихындағы ең алғашқы экологиялық апат болып отыр. Бірер күн бұрын төңіректе 40-қа жуық дельфиннің өлі денесі табылған. Жұрт мұны танкермен байланыстырып, билікті кінәлап отыр. Алайда, сараптама нәтижесі сүтқоректелердің денесінен не мазут, не дизельді отын қалдықтарының жоқ екенін көрсеткен. Соған қарамастан, экологиялық ұйымдар дельфиндердің өлім себебін анықтау үшін тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы