431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы ереуіл өтті

  • 137
  • UPD: 15:40, 30.08.2020
Берлинде коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы ереуіл өтті

Оған 38 мыңнан аса адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі, жиылған жұрт қашықтық сақтап, маска тағуы тиіс еді. Алайда, іс жүзінде ешқандай талаптар орындалмады. Ескертуді елеген де ешкім жоқ. Қарсылық танытушылар кейін Парламент ғимаратын бетке алып, басып кіруді ойлаған. Алайда, тәртіп сақшылары жолды бөгеп, ереуіл соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты. Тәртіп бұзған 300-ден аса адам қамауға алынған. Ереуілге шыққандар тіпті «коронавирус ойдан шығарылған ауру, оның еш қаупі жоқ» деп ұрандатты. Ал, соңғы мәлімет бойынша елде қауіпті вирустан 9 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Дирк, ереуіл қатысушысы:

- Коронавирусқа қатысты шектеулер біздің құқығымызды, Конституцияны бұзады. Сондықтан оларды алып тастауды талап етеміз. Билік коронавирус қаупі жайлы асыра айтады. Менің пікірімше, жаңа сайлау өткізу керек. Сөйтіп, қай партия шектеулерді қолдайтынын, ал қайсысы қарсы екенін көреміз. Осылайша, халық өз таңдауын жасай алады.

Хабар 24 телеарнасы