426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде астық бағасы қымбаттайды

  • 198
  • UPD: 09:06, 04.09.2020
Әлемде астық бағасы қымбаттайды

Дәнді дақылдар халықаралық нарықта да қымбаттайды. 2021 жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы осылай болжайды. Сәтті жиын-терімнің нәтижесінде жаһандық сатылым 442 млн тоннаға жетуі керек. Соған қарамастан тамыздағы баға екі процентке өскен. Былтырғымен салыстырсақ, жеті проценттік өсім бар. Әсіресе жемдік астықтың бағасы аспандайды. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жорамалдауынша, биыл әлемдік астық өндірісі рекордты көрсеткішке жетеді. Былтырғыдан 58 миллион тоннаға артық өнім жиналады.

Хабар 24 телеарнасы