421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook президент сайлауы алдында саяси жарнаманы тоқтатады

  • 131
  • UPD: 13:18, 04.09.2020
Facebook президент сайлауы алдында саяси жарнаманы тоқтатады

«Фейсбук» компаниясы АҚШ-тағы президенттік сайлауға бір апта қалғанда саяси жарнамаларды жариялауды тоқтататын болды.

Бұл туралы бірлестіктің басшысы Марк Цукерберг мәлімдеді.

Айтуынша, бұған қазір АҚШ қоғамының екіге жарылып, сайлау нәтижесінің жариялау соңы тәртіпсіздіктерге ұласу қауіпі түрткі еткен. Осыған байланысты компания жалған ақпарат пен дауыс беру қорытындысына байланысты мәлімдемелерді арнайы белгілермен белгілейтінін айтады. Және індетті жұқтыруды алға тартып сайлауға қатыспауға шақыратын жазбаларды өшірілетінін айтады.

Еске сала кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның 3-і күні өтеді.

Хабар 24 телеарнасы