421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭЫДҰ: Коронавирустан әлем экономикасы 6% төмендейді

  • 268
  • UPD: 08:35, 09.09.2020
ЭЫДҰ: Коронавирустан әлем экономикасы 6% төмендейді

Коронавирус індеті әлем экономикасын қатты тоқырауға ұшыратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттен дүние жүзі экономикасы 6 процентке төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриа мәлімдеді. Ғаламдық экономиканың мұншалықты құлдырауы соңғы жүз жылда алғаш рет тіркеліп отыр дейді мамандар. Ал Австралия ғалымдары бұған дейін індеттен 2025 жылға дейін әлем экономикасына 35 триллион доллар шығын келетінін айтқан.

Анхель Гурриа, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы:

– Әлем елдері коронавирустан туындаған дағдарысқа қарсы шараларды әлі қабылдап жатыр. Індеттің беті қайтқан жоқ. Биыл әлем экономикасы дағдарыстан 6 процентке азаяды деп болжағанбыз. Бірақ індеттің екінші толқыны болса құлдырау 7,5 процентке жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы