431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль полициясы есірткі сатушы топтарға қарсы кең ауқымды операция өткізді

  • 147
  • UPD: 09:33, 09.09.2020

Бір жылдан аса уақытқа жалғасқан бұл шараға қылмыстық ортаға енген жасырын тыңшылар мен авиация да жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде ондаған адам қамауға алынып, көп мөлшерде есірткі мен қару тәркіленді.

Израиль әскерінің запастағы офицері бірнеше ай бойы күмәнді адамдармен танысып, қылмыстық топқа енуге дайындалды. Сенімдеріне кіргеннен кейін ұзақ уақыт бойы олардан есірткі мен қаруды сатып алып келді.

Зив Сагив, орталық полиция бөлім штабы бастығының орынбасары:

– Барлық келісімдері бейнекамераға жазылып, мұқият тіркелді. Біз қылмыстық топ жетекшілеріне шығу үшін әдейі сатушыларды қамауға алған жоқпыз.

Осындай операция барысында ел аумағында есірткі және қару-жарақ сататын қылмыстық бірлестік анықталды. Нәтижесінде ондаған күдікті тұтқындалды. Заңсыз саудаланған заттар тәркіленді. Яғни тыңшы өз міндетін ойдағыдай орындап шықты. Сот өміріне қауіп төндірмеу үшін ол туралы кез келген мәліметті жариялауға тыйым салды.

Амихай Эшед, орталық полиция бөлімінің суперинтенданты:

– Ол қылмыскерлердің сеніміне кіре білді. Осылайша істі жіті тексердік. Бір адамның арқасында бір топ қылмыскерді ұстадық. Тергеуімізді сәтті аяқтадық.

Сонымен қатар полиция тікұшақтар мен дрондардың көмегімен елдің оңтүстігінде наша егістіктерін әшкереледі. Ешкім жоламайды деп, қылмыскерлер есірткіні әдейі әскери атыс алаңдарында еккен екен. Тәртіп сақшылары нашаның 15 мыңнан аса түбін және оны өсіруге арналған құрал-сайманды тәркіледі.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы