421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық балаларға интернет арқылы қысым көрсететіндер көбейді

  • 123
  • UPD: 17:35, 09.09.2020
Қазақстандық балаларға интернет арқылы қысым көрсететіндер көбейді

Қазіргі таңда қазақстандық балаларды ЛГБТ қауымдастығына тарту мақсатында кибершабуылдар жиілеп кетті.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров айтты. Қазақстандықтар 8 жыл ішінде интернеттегі заңсыз контентке 20 мың рет шағымданған. Ал осының алдын алу үшін Safekaznet.kz, яки «жедел желі» платформасы жұмыс істейді. Осы кибершабуыл жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Пандемия кезінде әлеуметтік желіде белгісіз топтардың құрбанына айналып, өз-өзіне қол жұмсайтын жасөспірімдер де бар.

Шавкат Сабиров, «Қазақстанның интернет қауымдастығы» зтб президенті:

- Пандемия уақытында ата-аналардан кибершабуыл жайлы шағым көп келіп түсті. Әдетте бәрі зиянсыз троллингтен басталады, содан соң психологиялық тұрғыда зорлық-зомбылық көрсетеді. Сайып келгенде, ғаламтордың арғы жағындағы қылмыскерлер балаларға қоқан-лоқы көрсетуді көздейді.

Халида Әжіғұлова, БҰҰ-ның адам құқығы бойынша сарапшысы:

- Біз ІІМ мәліметтерінде қанша киберқылмыс тіркелгенін ешқашан естімейміз. Қазақстанда әлі күнге дейін киберқылмыспен күресе алмай жатқанымыз белгілі.

Хабар 24 телеарнасы