426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Ирактағы әскер санын қысқартпақ

  • 118
АҚШ Ирактағы әскер санын қысқартпақ

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ирак аумағындағы әскер санын қысқартпақ ниетте.

Қазір 5200 әскери қызметкер өз міндетін атқарып келеді. Ақ үйдің хабарлауынша, олардың қатары 3 мыңға дейін азаятын болады. Екі ел басшыларының аймақтағы қарулы күштер санын қысқарту туралы келіссөздері жаздан бері жүргізіліп келеді. АҚШ Ирактағы әскери базалар үнемі америкалықтардың бақылауында болмайтынын айтқан еді. Айта кетейік, қазір АҚШ әскері Иракта «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымымен күрес жүргізуде.

Жалпы америкалық сарбаздарды шет ел аумағынан шығару Дональд Трамптың сайлауалды уәдесі болған. Бүгінде Ауғанстан, Ирак пен Сирияда америкалық қарулы күштерінің саны бұрынғыдан азайған.

Хабар 24 телеарнасы