429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та аспан қызыл түске боялды

  • 189
АҚШ-та аспан қызыл түске боялды

АҚШ-та орман өртінің жиілеуінен Калифорния мен Орегон штатының аспаны қызыл түске боялды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындардың ғаламторға жүктеген суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қызыл түтін жақын маңдағы елді мекендерге де жеткен. Түтіннен көзі мен тамағы ашыған тұрғындар шағымданып жатыр. Жергілікті билік апаттан кей өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Қазір аймақта шамамен 85 өрт ошағы өршіп тұр. Мамандар орман өртінің аймағы сағат сайын ұлғайып жатқанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы